«Алишер Навои атындағы орта мектебі» ЖШС
Мектептің жалпы ауданы 1,87 га құрайды. Ғимараттың ауданы 4777 шаршы метрді құрайды. Мектеп 1200 оқушыға арналған, онда 3 спорт алаңы, 320 орындық асханасы, 360 орындық акт залы, химия, физика, информатика, биология, робототехника, хореография, кітапхана және ұл балаларға арналған шаштараз бар. Мектепте оқушыларға қазіргі заманның талаптарына сай және сапалы білім алуға жағдай жасалынған. Оқушылар 1 аусымда оқиды. Қазіргі таңда 888 оқушы білім алуда. Оның 60-мектепке дейін, 366-бастауыш, 363-негізгі және 98-орта сыныптарда білім алуда. Мектеп ашылған жылы 5 оқушы одан кейінгі жылы 6 оқушы үздік аттестат иегері атанды. Ашылған 2022-2023 жылы 4 одан кейінгі 2023-2024 жылы 12 оқушыларымыз мемлекеттік грант ұтып алды.
Оқушыларымыз бен бірге мұғалімдеріміз олимпиадаларға қатысып аудан, облыс және республика деңгейінде өздерін көрсетіп түрлі жетістіктерге жетуде.
Мектепте 80 мұғалім және 13 кіші қызметкер жұмыс істейді. Сапалық құрам бойынша 14-і педагог-модератор, 9-ы педагог-сарапшы және 11-і педагог-зерттеуші санаттарымен жұмыс атқаруда.
Педагог зерттеуші, 25 жыл бірінші басшы, 39 жыл педагогикалық өтілі бар Абдисаттаров Музаффар Тиллаходжаевич «Алишер Навои атындағы орта мектебі» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істейді.
30
1200 +
80
Абдисаттаров Музаффар Тиллаходжаевич
- Педагог зерттеуші
- 25 жыл бірінші басшы, 39 жыл педагогикалық өтілі бар






















